Филиал мамандары өтініш берушілерге мынадай қызметтерді көрсетуге дайын:
- стандарттау жөніндегі құжаттарды (МЕМСТ, МЕМСТ ISO, ҚР СТ, ҚР СТ ISO және т. б.) өзектендіру (тексеру, күшін жою, ауыстыру, қолданылу мерзімін ұзарту туралы ақпарат, өзгерістер мен түзетулердің болуы);
- техникалық реттеу және метрология саласындағы қолданыстағы стандарттау жөніндегі құжаттар бойынша ақпаратты іздеу және беру;
- стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды ақпараттық сүйемелдеу;
- өнімді таңбалауды әзірлеуді тексеру және/немесе оны әзірлеуде практикалық көмек көрсету.