Филиалдың нормативтік құжаттардың анықтамалық – ақпараттық қоры (НҚ ААҚ) қағаз және электрондық тасығыштарда шамамен 25 мың бірлікті құрайды және мыналарды қамтиды:
- Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары (ҚР СТ);
- өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар (МЕМСТ);
- Қазақстан Республикасының қағидалары мен ұсынымдары(ҚР, ҚР Р);
- халықаралық стандарттар (ISO, IEC);
- РФ және РБ ұлттық стандарттары (МЕМСТ Р, СТБ);
- әдістемелік нұсқаулар (ММ);
- метрология бойынша нормативтік құжаттар;
- санитарлық нормалар мен ережелер (СанПиН);
- құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ);
- Кеден одағының құжаттары.
Филиал мамандары өтініш берушілерге көмектесуге дайын:
- стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды өзектендіруде;
- стандарттау, метрология және сертификаттау (сәйкестікті растау)жөніндегі жұмыстарды ақпараттық сүйемелдеуде;
- Техникалық реттеу және метрология саласындағы мамандандырылған мәтіндерді (өнімді таңбалау, өнімнің каталог парақтары (ӨКП), әдістемелер, нұсқаулықтар және т.б.) мемлекеттік және орыс тілдеріне кәсіби аударуда, сондай-ақ стикерлерді (этикеткаларды) басып шығаруға көмектеседі.