Тексеру зертханасының өлшемдердің 14 түрі бойынша тексерудің практикалық тәжірибесі бар:

  • геометриялық шамаларды өлшеу;
  • массаны өлшеу;
  • күш пен қаттылықты өлшеу;
  • қысымды өлшеу;
  • вакуумды өлшеу;
  • қозғалыс параметрлерін өлшеу;
  • сұйықтықтар мен газдардың шығыны мен мөлшерін өлшеу;
  • тығыздық пен тұтқырлықты өлшеу;
  • физикалық-химиялық өлшемдер;
  • жылуфизикалық және температуралық өлшемдер;
  • оптикалық-физикалық өлшемдер;
  • электр шамаларын өлшеу;
  • уақыт пен жиілікті өлшеу;
  • радиотехникалық өлшеулер.

Тексеру зертханасы да келесі қызметтерді көрсетеді:

  • өлшеу құралдарына сынақтар жүргізу;
  • сынақ жабдығына метрологиялық аттестаттау жүргізу;
  • сынақ, талдау және өлшеу зертханаларында өлшеулердің жай-күйіне бағалау жүргізу;
  • аккредиттеу және лицензиялау кезінде метрологиялық қызметтерді, сынақ зертханаларын, заңды тұлғалардың сәйкестігін растау жөніндегі органдарды аттестаттау және тәуелсіз сараптамалық зерттеулерге қатысу;
  • “ҚазМетрИн” РМК ынтымақтастықта эталондық базаны ұсына отырып және ұйым мәселелерін шеше отырып, шетелдік өндірістің өлшем құралдарын ҚР МӨҚ тізіліміне енгізу рәсімін жүргізуге көмек көрсету;
  • құзыретті лекторларды тарта отырып,” ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 талаптарына сәйкес сынақ және калибрлеу зертханаларының менеджмент жүйесінің ішкі аудиті ” тақырыбы бойынша оқыту семинарларын өткізу;
  • заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне әдістемелік және техникалық көмек көрсету.

Көшпелі мобильді топ Тапсырыс берушінің аумағында өлшеу құралдарын тексеруді, калибрлеуді және баптауды орындауға мүмкіндігі бар.

Филиал мамандары сертификаттарды жеткізіп және ала отырып, “ҰлтССО” АҚ-ның басқа 17 филиалында тексеру жұмыстарын жүргізуге жәрдем көрсетеді.

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін бізде мұнай өндіру аймағы – Құлсары қ. орталығында су өлшегіш және электр есептегіштерін тексеретін зертхана бар.