Филиал мамандары тауар шығарылған елді анықтау және тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерін беру бойынша қызмет көрсетеді:

  • “СТ KZ” нысаны бойынша ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат алу үшін;
  • Қазақстан Республикасынан экспортталатын және кері экспортталатын тауарлар үшін.

Біздің мамандарымыз осы бағытта үлкен тәжірибеге ие және өтініш берушіге консультативтік көмек көрсетеді.
Тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген тауардың шыққан елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру және тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі қағидаларда айқындалған.

Тел.: +7 (7122) 45 15 81, 45 07 35